
Harmony Global - Harmony желісіндегі екінші мектеп. 0-сыныптан 12-сыныпқа дейін толық IB Continuum, Highvill аумағындағы 10 446 м² жаңа ғимарат және «Білім Инновация» қорымен стратегиялық серіктестік.
Біздің серіктестер
Harmony Global — Астанадағы Harmony мектептер желісінің екінші мектебі. Бұл қолданыстағы мектептің орнын басу емес, ортақ құндылықтарға, балаға бағытталған көзқарасқа және академиялық мәдениетке негізделген білім беру ортасын кеңейту.
Жаңа мектепте International Baccalaureate бағдарламасы 0-сыныптан 12-сыныпқа дейінгі сабақтастықпен жүзеге асырылады. Бұл оқушыларға мектептегі барлық оқу кезеңдерінде бірізді әрі тұтас білім беру жолын қамтамасыз етеді.
Harmony Global Highvill тұрғын үй кешенінде орналасқан. Жалпы ауданы 10 446 м² болатын жаңа ғимарат 800 оқушыға арналған және заманауи халықаралық мектеп талаптарына сәйкес жобаланған.
2026 жылдың қыркүйегінде Harmony Global 0–5 сынып оқушыларына өз есігін ашады.
IB PYP Балалардың зерттеушілік қабілетін, сыни тұрғыдан ойлауын және алған білімін өмірде сенімді қолдануын дамытатын халықаралық бағдарлама.
Бала сұрақ қоюды, жауап іздеуді және өз ойын дәлелдеуді үйренеді. Мұндағы мақсат - баға алу емес, тақырыпты терең түсіну.
Оқушылар алған білімдерін қоршаған ортамен байланыстыра отырып, пәнаралық жобаларды орындайды.
Ашық ойлау мәдениеті, әртүрлі көзқарастарды құрметтеу және тез өзгермелі әлемде өмір сүруге дайын болу.
Выбор директора — это выбор культуры. Поэтому мы начали школу с человека, чей путь — это путь, который мы хотим повторить для наших детей.
«Мектеп директоры ретінде әр баланың қауіпсіздігіне, олардың алаңсыз білім алып, тұлға ретінде қалыптасуына, тіпті мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан сәтіне дейін өзімді жауапты сезінемін. Бұл - менің басты міндетім.»
— Достан Сегизбаев, Harmony Global мектебінің директоры«Ең бастысы — оқу процесін қызықты ету. Балалардың ынтасы болғанда, олар шаршамайды және білімді жақсырақ меңгереді».
«Бала өзін қорғалған сезінетін, қателік жіберуден қорықпай, жаңа нәрселерді байқап көруге және әртүрлі қызығушылықтарын ашуға сескенбейтін орта қалыптастыру өте маңызды».
«Мектеп — қолайлы орта мен сапалы білімді, ал ата-аналар — баланың дербестігін қолдайды. Гармония мектеп пен отбасы бір бағытта қадам басқанда орнайды».
Білім-Инновация» — халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен әлемнің үздік университеттері студенттерін түлеген лицейлер желісі. Harmony Global — БИЛ-дің филиалы емес, оның ресми стратегиялық серіктесі. Біздің оқушылар қордың барлық іс-шараларына, конкурстары мен олимпиадаларына қатысады, ал тәрбие жұмысы БІЛ лицейлерінің үздік тәжірибесі негізінде құрылған.
Мы не начинаем со второго полугодия. С первого сентября 2026 года — полноценный календарь событий, объединяющий IB-культуру и традиции фонда БІЛІМ Инновация.
Harmony Global командасы бағдарлама туралы айтып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.